"Мұсылман болғасын қабылдамай отыр"

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуропа Одағының Түркияны халқы мұсылман болғандықтан қабылдамағанын айтты.

516435
"Мұсылман болғасын қабылдамай отыр"

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуропа Одағының Түркияны халқы мұсылман болғандықтан қабылдамағанын айтты.

Фатих Сұлтан Мехмет Университетінің бітіру рәсіміне қатысқан президент өз сөзінде Еуропа Одағы басшыларын нысанаға алды.

Еуропа Одағы басшыларының уәделерін орындамағанын атап көрсеткен Ердоған: «Сіз берген уәдеңізде тұрмайсыңдар. Сіздің бейнеңіз осы.  Ердоған осыны айтқаны үшін ашуланасыңдар» деді.

Ердоған Еуропа комиссиясы төрағасы Джан Клоуд Юнкердің «Егер кері қабылдау келісімі бұзылса,  президент Ердоған түрік халқына Еуропаға неге визасыз бара алмағандарын түсіндіруі керек» деген сөздерін сынады.

Ердоған: «Еу, төраға,  сен түрік ұлтын танымадың.  Бұл ұлт сендерден келетін виза, кері қабылдау дегендерді сұрамайды. Түрік ұлтының артында сендер жүрсіңдер» деді.

Еуропа Одағы келіссөзінің референдумға арқау болуы мүмкін екенінің белгісін берген президент: «Ей, Еуропа Одағы,  сіз біздің халқымыз мұсылман болғандықтан қабылдамай отырсыңдар.  Бұлай емес деп айта алмайсыңдар. Еуропа Одағы бізге берген уәдесін орындамай,  виза еркіндігіне шағымданса,  біз де халыққа жүгінеміз. Ұлтымыз не десе, соны істейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар