Еуроодақ министрі Италияда

Министр Челик Еуроодақтың Түркияның террормен күрес заңына өзгеріс енгізуі шақыруына нақты жауап қайтарды.

515795
Еуроодақ министрі Италияда

Еуроодақтың Түркияның террормен күрес заңына өзгеріс енгізу жөніндегі шақыруларына Еуроодақ министрі Өмер Челик нақты жауап қайтарып, өзгеріс жасалмайтынын білдірді.

Өмер Челик Римде Италия Сыртқы істер министрі Пауло Гентилонимен кездесуінің артынан ортақ баспасөз жиналысы өткізді.

Түркияның террордың күші алдында осалдық жасаған жағдайда мұның Еуроодаққа зиян келтіретінін атап айтқан Челик «Түркияның қауіпсіздігі Еуроодақтың қауіпсіздігі. Біз бұл сатыда террормен күрес күшімізді азайтатын радикал бір өзгеріс жасамайтынымызды білдіреміз» деді.

Түрік азаматтарының Еуроодақ елдеріне визасыз саяхаты да Өмер Челиктің күн тәртібінде келді.

Түркияның айналасында риск пен тұрақсыздықтың жалғасқанын атап көрсеткен Челик «Риск пен тұрақсыздық алдында күшейтуіміз керек механизмдермен байланысты ерікті орналастыру және виза еркіндігі сияқты тақырыптарды шешуіміз керек. Сонда ғана басқа механизмдерді күшейтуге тырысайық. Бұл Түркия үшін сыйлық емес, өзінің құқы. Мен виза жеңілдігі тақырыбында әдіс табылатынын, ортақ көзқарасқа келе алатынымызды ойлаймын» деді.

Италия Сыртқы істер министрі Пауло Гентилони болса Түркияның мүшелігі мен виза еркіндігі тақырыптарында Италияның қолдаған қайталады.



Ұқсас жаңалықтар