"Террористік ұйымдар - халықаралық құрал"

Нуман Куртулмуш дін істері басқармасы қызметкерлерінің ауыз ашарына қатысты.

506284
"Террористік ұйымдар - халықаралық құрал"

Вице-премьер Нуман Куртулмуш Стамбулдағы лаңкестікті жасағандардың бомбаларды сол жерге жіберген немесе орналастырғандардан ғана тұрмайтынын айтты.

Нуман Куртулмуш дін істері басқармасы қызметкерлерінің ауыз ашарына қатысты.

Стамбулдағы лаңкестікке тоқталған Куртулмуш террористік ұйымдардың күш теңдігі ойындарындағы бір-бір құрал екенін айтты.

Терроризмнің халықаралық бір құралға айналғанын атап көрсеткен вице-премьер: «Қолын уқалап,  осы оқиғалар болғаны қандай жақсы болды дейтіндерді де білеміз.  Лаңкестікке байланысты терең қайғырамыз, бір жағынан да ашуланғанымызды айтып өткім келеді» деді.

Тарих бойы террор және оны қолданғандардың әрдайым жойылғанын, мақсаттарына жете алмайтындарын айтқан Нуман Куртулмуш: «Осы террористік ұйымдардың артында оларға логистикалық,  саяси,  экономикалық,  әскери және барлау қызметтерін бергендердің тағы бір рет ойлануларын сұраймыз. 80 миллион иықтасып, осы лаңкестіктерге қарсы ұлттық бірлік ішінде тойтарыс береміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар