Стамбұлдағы опасыз шабуылға халықаралық қоғам наразылық көрсетті

Еуропа Кеңесі Парламенттік Мәжілісі Стамбұлдағы опасыз шабуылды айыптады.

505944
Стамбұлдағы опасыз шабуылға халықаралық қоғам наразылық көрсетті

Еуропа Кеңесі Парламенттік Мәжілісі Стамбұлдағы опасыз шабуылды айыптады.

Еуропа Кеңесі Парламенттік Мәжілісінен жасалған жазбаша мәлімдемеде ресми сапар үшін Анкараға келген Мәжіліс төрағасы Педро Аграмунттың премьер-министр Бинали Йылдырыммен кездесуі барысында шабуыл хабарын алғанын атап көрсетті.

Аргамунт кездесуде Беязыт алаңы маңындағы шабуылды ауыр түрде айыптады, Еуропа Кеңесі Парламенттік Мәжілісі ретінде түрік халқы және үкіметімен ынтымақтастық жалғастыратындарын атап, шәйіттер мен қаза тапқан азаматтардың жанұяларына көңіл айтты.

Мәлімдемеде «Террористтердің қанішерлігі тағы бір рет Стамбұлды қанға бояды. Террор ортақ құндылықтарымызды, мекемелерімізді, тіршілік әдістерімізді нысанаға алады. Енді террор Сирия мен Иракта күнделікті шабуылдармен Бамакодан Бейрут, Парижден Стамбұлға дейін бүкіл әлемге қауіп төндіреді» деді.

«Қорқу және дұшпандық дәндерін таратып, қоғамымыздың ірге тасын қиратқысы келген террористтердің тұзақтарына тек қана біріккен жағдайда құламайтын боламыз» деді.

Әзірбайжан президенті Илхам Алиев болса Стамбұлдағы террор шабуылы себепті президент Ердоғанға жедел хат жолдап көңіл айтты.

Президент Алиев жолдамасында Стамбұлдағы террор шабуылының Әзірбайжанды қатты қайғыртқанын атап көрсетті.

Шабуылдың террордың әр түріне қарсы нақты түрде күресу керектігін тағы бір рет ортаға қойғанын атап айтқан Алиев өзі және Әзірбайжан халқының атынан Түркияға көңіл айтты.

Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде болса шабуыл қатаң түрде айыпталып, түрік халқына көңіл айтылды.

Катар мен Испания үкіметтері де шабуылды айыптады. Катар Түркия Республикасымен террормен күресте ынтымақтастықты етене жалғастыратынын атап, Стамбұлдағы қанды шабуылда қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтты.



Ұқсас жаңалықтар