Мемлекет басшылары құттықтау жариялады

Президент Ердоған мен премьер-министр Давутоғлу жастарды құттықтады

493705
Мемлекет басшылары құттықтау жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған және премьер-министр Ахмет Давутоғлу 19 мамыр Ататүрікті еске алу және спорт мерекесін құттықтады.

«Ардагер Мұстафа Кемалдің 1919 жылы 19 мамыр күні Самсуннан бастаған тәуелсіздік күресі тарих беттерінде қалдырылғысы келген бір ұлттың күлдерінен қайта тірілуінің, тәуелсіздік және тыныш болашаққа бастаған шеруі» деген Ердоған жастарға үн қатып, «Өткенімізден алған күш және шабытпен 2023 нысанамызға жақындап жатқанда ең үлкен сеніміміз сендерсіңдер» деді.

Президент жастарға «Сіздердің үмітпен жылтыраған көздеріңізде, қуанышпен соққан жүректеріңізде, жарқын жүздеріңізде, ұлтазаттық соғысымызды жеңіспен шыңға көтерген басқару, тұрақтылық және сенімді көреміз» деді.

Президент Ердоған жолдауында «Түркияның бақытты болашақ үшін үмітіміз, ең үлкен күшіміз сіздерсіздер» деп үн қатты.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Исмаил Кахраман да 19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесіне орай құттықтау жариялады.

«Жастар болашағымыздың кепілдігі» деген Кахраман «Бүгін олардың алаңдарға сыймаған энергиялары, өзіне аманат қалдырылған отанымыздың, байрағымыздың, рухани және ұлттық құндылықтарымыздың, еркіндік пен тәуелсіздігіміздің мәңгі сақталуы тақырыбында бізге күш пен сенім береді» деді.

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу болса құттықтауында «Сүйікті жастар, бүгін сіздермен бірдей қуанышты бөлісуіміз ұлт ретінде сіз жастарға берген баға мен сенімді ең мықты түрде ортаға қояды» деді.

Премьер-министр құттықтауында «Сізден кейінгі ұрпақтарға бүгінгіден де гүлденген бір ел қалдыратыныңызға кәміл сенемін» деген сөздерге орын берді.



Ұқсас жаңалықтар