Президент Ердоғанның қызы тұрмысқа шықты

Президент Режеп Тайып Ердоғанның қызы Сүмеййе Ердоған мен Селчук Байрактар кеше үйленді.

491068
Президент Ердоғанның қызы тұрмысқа шықты

Стамбұлдағы неке рәсіміне ел көлемінен және шетелден 6 мың қонақ шақырылды.

Жұптардың некелерінде куәгерлікті Мәжіліс төрағасы Исмаил Кахраман және премьер-министр Ахмет Давутоғлу, Түркия Республикасының 11-ші президенті Абдуллах Гүл, Бас Штаб Басқармасы төрағасы генерал Хулуси Акар, Босния-Герцеговина президенттік кеңесі басшысы Бакир Иззетбегович, Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф, Албания премьер-министрі Эди Рама мен Ливанның бұрынғы премьер-министрі Саад Харири жасады.

Президент Режеп Тайып Ердоған заңды некенің артынан қысқа бірақ толқынысты сөздер сөйледі. Ердоған «Сүмеййе бала кезінде оған ‘маралым’ деуші едім. ‘Көзімнің нұры’ дейтінмін. Қазір маралдай ұядан кетіп барады» деді.



Ұқсас жаңалықтар