Газиантептегі қанды шабуылда 2 полиция шәйіт болды

Жаралылар саны 18 полиция қызметкері, барлығы 22 адам адамға өсті.

481892
Газиантептегі қанды шабуылда 2 полиция шәйіт болды

Газиантеп Полиция басқармасына бомбалы шабуыл жасалды.

Алғашқы мағлұматтарға қарағанда 2 полиция қызметкері шәйіт болды, 18 полиция барлығы 22 адам жарақат алды.

Газиантеп Полиция басқармасы ғимараты алдында жергілікті уақытпен сағат 09.30-да үлкен бір жарылыс болды.

Оқиға орнына көптеген денсаулық сақтау және өрт сөндіру топтары жіберілді. Газиантеп губернаторы Али Йерликая шабуылдың бомбалы көлікпен жасалғанын мәлімдеді.

Жаралылар жедел құтқару көлігімен ауруханаларға жеткізілді.

Қарқынды жарылыс қаланың жан-жағынан естілді, айналадағы ғимараттардың терезелері сынды.

Губернатор Али Йерликая мен Полиция басқармасы директоры Эрхан Гүлверен оқиға орнына келіп, жарылыс болған аймақты аралады.

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу болса Газиантеп пен Нусайбинде қаза тапқан шәйіттерге Алланың рақымшылығын тілеп, террорды қатаң түрде айыптады.

Давутоғлу террордың бұл ұлттың бірлік пен ынтымақтастығына зиян келтіре алмайтынын атап көрсетті.

Давутоғлу «1 мамыр еңбек және бірлік күніне» орай Чанкая резиденциясында жұмысшылармен азанғы аста бас қосты.

Бүкіл жұмысшылардың 1 мамыр еңбек және бірлік күнін құттықтаған Давутоғлу «Бұл тамаша мереке күні елімізге қанды шабуылын жасаған террор ұйымын лағынеттеп, қатаң түрде айыптаймын. Бүгін азанда Газиантептегі террор шабуылында шәйіт болғандарға Алладан рақымшылық, жаралыларға тез арада шипа тілеймін. Сондай-ақ Нусайбиндегі шәйіттерімізге де Алланың рақымшылығын тілеймін. Бұл қайғылы күндер өтеді дегенмен бұл ұлттың бірлік пен ынтымақтастығы одан да күшейіп, келешекке бағыт алады. Бұл кезеңде жандарын отандары үшін пида қылған шәйіттерімізге қайтадан Алладан рақымшылық тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар