Бурсада жанкешті шабуыл жасалды

Шабуылда 13 жазықсыз адам жарақат алды.

479912
Бурсада жанкешті шабуыл жасалды

Бурсада бұрынғы Капалычаршының (Жабықбазар) Ұлы мешіт кірісіне жақын жерде жанкешті шабуыл жасалды. Шабуылда 13 адам жарақат алды.

Оқиға кеше кешкі уақытта 17:26-да болды.

Денсаулық сақтау министрі Мехмет Мүеззиноғлу журналистерге жасаған мәлімдемеде жедел құтқару көліктерімен 13 жаралының ауруханаларға апарылғанын араларында ауыр жаралы болмағанын атап айтты.

Шабуылдаушымен байланысты қажетті тергеу жұмыстарының Ішкі істер министрлігі тарапынан жүргізілгеніне назар аударған Мүеззиноғлу «террорист 25 жасар әйел кісі, дене мүшелері жарылған. Куәлігі және мүше болған құрылыммен байланысты Ішкі істер министрлігіміз тиісті тінтуді жүргізуде» деді.

Басқа жағынан Бурсадағы террор шабуылымен байланысты жүргізілген тергеу аясында 15 адам тергеуге алынды.

Президент Режеп Тайып Ердоған Загребте жүрген кезінде Ішкі істер министрі Эфкан Аладан мағлұмат алды.

Жаралы азаматтар үшін Алладан шипа тілеген Ердоған Түркияның тыныштығын нысанаға алған террорға қарсы күрестің жалғасатынын атап көрсетті.

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу болса жарылыстың артынан Әділет және даму партиясы орталығында Ішкі істер министрі Эфкан Аламен бас қосты.

Давутоғлу министр Аладан террор шабуылы жайлы егжей-тегжейлі мағлұмат алды. Бурса губернаторы Мүнир Каралаоғлумен де телефонда әңгімелескен премьер-министр Давутоғлу Каралаоғлуна жаралылар үшін шипа тіледі.

Катарға сапары алдында Анкара Эсенбоға әуежайында жасаған мәлімдемеде де шабуылға тоқталған Давутоғлу «Террор шабуылдары Түркияның террормен күрес тақырыбындағы тұрақты ұстанымынан кері қадам басуына себеп бола алмайды. Террорға қарсы ең тұрақты ұстанымды жалғастырамыз» деді.

Республикашыл халық партиясы төрағасы Кемал Кылычтароғлу болса твиттер арқылы мәлімдемесінде Бурсадағы жарылыста жараланған азаматтарға жедел шипа тіледі және қасақана шабуылды айыптады.

Еуроодақ министрі және бас келіссөзші Волкан Бозкыр болса әлеуметтік медиа арқылы қанды террор шабуылын лағынеттеп, жаралыларға шипа тіледі.



Ұқсас жаңалықтар