Ибрахим Калын күн тәртіпке қатысты баспасөзге мәлімдеме жасады

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы 1915 оқиғалары, Израиль ынтымақтастығы және Сирия тақырыптарына тоқталды.

477690
Ибрахим Калын күн тәртіпке қатысты баспасөзге мәлімдеме жасады

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын 1915 жылғы оқиғалармен байланысты бір жақты тарих түсінігін сіңіру талпынысы бар екенін атап айтты.

Сол кездегі оқиғалардың ортақ бір қайғы ретінде қолға алыну керектігін атап көрсеткен Калын «Келешекке достық перспективасынан қарау керек» деді.

Калын президенттік сарайда ұйымдастырған баспасөз жиналысында күн тәртібін бағалады.

Израильмен біраз уақыттан бері жалғасқан келіссөздердің соңғы сатыға келгенін, екі ел лауазымдылары арасында жақын келешекте жаңа бір байланыс жоспарланғанын атап айтқан Калын Израильдің Газа секторы мен Палестина жерінде гуманитарлық жағдайды жақсарту бағытында жаңа қадам басуын күткендерін білдірді.

Ибрахим Калын «Израильмен құнақы және қоршаумен байланысты соңғы екі бап жайлы нақты келісім жасалған соң ортақ келісімге қол қою және ынтымақтастықты ретке келтіру кезеңінің басталуы жоспарланады» деді.

Мәскеу әкімшілігімен ынтымақтастықтар жөнінде Түркия ретінде жаңа қадамдар басуға дайын екендерін атап көрсеткен Калын Ресеймен байланыстың бір оқиғаға пида қылмайтындарын атап «Бірақ өкінішке орай 24 қараша күні ұшақ оқиғасынан бері орыс тарапының ұстанымы бұл кезеңді тоқтатты» деді.

Сириямен тек қана құрлықтан емес, әуеден де шектеулі бір шекара құрылу керектігін айтқан Калын мұның көптеген қайғының алдын алуға және босқын ағымының шектелуіне үлес қосатынына назар аударды.

Босқын дағдарысының себебінің Сирия әкімшілігі екенін қайталаған калын ДАИШ террор ұйымымен күреске де осы тұрғыдан қарау керектігін атап көрсетті.

Калын Түркияның қазірге дейін ДАИШ-пен байланысы бар екені анықталған шетелдік 41 мың адам үшін елге кіруге тыйым салынғанын, 2 мың 777 адамның тергеуге алынғанын, 954 адамның болса тұтқындалғанын түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар