Химиялық шабуылға ұшыраған Керкүк түрікмендері Түркияда

ДАИШ-тің газ шабуылына ұшыраған 68 ирактық түрікмен Анкараның Полатлы Мемлекеттік ауруханасына жатқызылды.

473648
Химиялық шабуылға ұшыраған Керкүк түрікмендері Түркияда

Ирактың Керкүк уәлаятына қарасты Туз-Хурмату ауданында ДАИШ террор ұйымының газ шабуылына ұшыраған 68 ирактық түрікмен Түркияға әкелініп Анкарада Полатлы Мемлекеттік ауруханасына жатқызылды.

Кеше кешкі уақытта ұшақпен Эрбилден Анкараға әкелінген жаралылардың 21-і бала мен көпшілігі әйелдер.

Химиялық қарудың ықпалымен тыныс, көкірек ауыруы, дене күйіктері бар түрікмендердің емдері Нумуне ауруханасы пластикалық хирургия мен дерматология бөлімдерінің ынтымақтастығымен жүргізілуде.

Бұдан бұрын Туз-Хурматудан келген 15 жаралы Полатлыдағы емдерінің артынан елдеріне қайтарылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар