Террор ұйымының кеңсесі Прагада
Түрік елшілігі өкілетті органдармен байланысқа өтті.
Түркияның Чех Республикасындағы өкілетті елшісі Ахмет Неджати Бигалы террор ұйымы PYD-нің Прагада өкілдік ашуына орай өкілетті органдармен байланысқа өткендерін айтты.
Аталмыш істерге орай ұйымның өз істерін жасыруға тырысқанын меңзеген елші: «YPG Еуропа кеңсесі осында қоғам мәртебесімен қызмет етуде. Бұл көз бояушылық. Бірақ біз YPG-нің бір кеңсесі деп қабылдап, өкілетті органдарға білдірдік» деді.
Чех өкілетті органдарының да Түркияның бастамаларына қарап қалмағанына назар аударған Бигалы былай деді: «Чех өкілетті органдары бізге мұның қоғам екенін, заңдарға сай құрылғанын және ЕО террор ұйымдары тізімінде орын алмағанын, тап қазір ешнәрсе жасай алмайтындарын, бірақ ресми органдардың жіті бақылауында болатындарын, заңсыз істерге араласқан кезде қажетті нәрселердің жасалатынына уәде берді. Мұндай кеңсенің осында ашылуы Түркия үшін қабылданатын жағдай емес. Мұны бірнеше мәрте Чех өкілетті органдарында тілге тиек еттік»
Террор ұйымы PKK-ның бір саласы PYD-нің қарулы қанаты YPG-нің Прагада кеңсе ашқанын хабарлауынан кейін Чех Республикасы Сыртқы істер министрлігі бір мәлімдеме жариялап, «Чех Республикасы «Сирия Күрдістаны» деп аталатын тәуелсіз және автономды құрылымды танымайды. Осыған орай «Сирия Күрдістаны» атты ешбір саяси өкілетті де танымаймыз» деген болатын.