Мемлекет басшылары Таксим шабуылын айыптады

Стамбұлдың туристік ауданындағы шабуылды саяси басшылар лағынеттеді.

454316
Мемлекет басшылары Таксим шабуылын айыптады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Исмаил Кахраман Стамбұлдың Бейоғлу ауданындағы террор шабуылы себепті жариялаған мәлімдемесінде кейбір күштердің елді тұрақсыздыққа тарту, халықты қорқу мен үрейге итермелеу, басшылардың басқа күн тәртібімен уақытын алу, қауіпсіздік күштерін табыссыз көрсету, ұлттың мемлекетке сенімін жойғысы келгенін атап көрсетті.

Кахраман «Тарихта бұдан қиын кезеңдерді бастан кешкен ұлтымыздың бұл қиыншылықтарды да қысқа уақытта артта қалдыратынына кәміл сенемін. Бұл опасыз шабуылда қаза тапқан азаматтарымызға Алланың рақымшылығы және жанұялары мен ұлтымызға сабыр, жаралыларға шипа тілеймін» деді.

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу болса араларында шетелдіктер бар жазықсыз адамдардың нысанаға алынғанын білдірді.

Давутоғлу «кім екеніне қарамай тікелей «адамды» нысанаға алған опасыз шабуылды жасағандар, оларды ынталандырғандар және қолдау бергендерді лағынеттейміз» деді.

Бұл қайғылы оқиға себепті қайғырғандарын атап көрсеткен Давутоғлу қаза тапқандар үшін көңіл айтып, жаралыларға шипа тіледі.

Премьер-министр Давутоғлу әртүрлі террор ұйымдарымен күрестің қазірге дейін болғандай бұдан кейінде табандылықпен жалғасатынын атап айтты.

Вице-премьер және үкімет мәлімдемешісі Нуман Куртулмуш Түркияның террорға үйренбейтінін, мойындамайтынын және террормен күресте кері қадам баспайтынын атап көрсетті.

Куртулмуш Орду қаласында жасаған мәлімдемеде Бейоғлу ауданындағы опасыз шабуылды лағынеттеп, «Сатқындар жоспарларын жүзеге асыруға тырысады. Не жасаса бекер. Бұл ұлт сіздің тұзақтарыңызға берілмейді. Ежелден кел жатқан бауырластық бұл жерде мәңгі бейбіт өмір сүреді» деді.

Вице-премьер Куртулмуш «Террормен күрес ұлттық бір жауапкершілік, ұлттық ынтымақтастық пен бірлікті қажет қылады. Біз барлық азаматтарымызды террор шабуылдарын жасағандарға емес, барлық қараңғы күштерге қарсы бірігуге шақырамыз» деді.

Вице-премьер Ялчын акдоған болса опасыз шабуылмен байланысты «Жазықсыз адамдарды қыру адамзатқа жарияланған соғыс деген сөз. Террордың әр түрін айыптаймыз» деді.

Вице-премьер Мехмет Шимшек Бейоғлу ауданы Истиклал даңғылындағы террор шабуылымен байланысты «Террордың мақсаты Түркияның тұрақтылығын бұзу және Түркияның басын көтермеуін қамтамасыз етіп, айналасында болып жатқан оқиғаларға қарсы бас көтеруін алдын алу» деді. Шимшек қаза тапқандарға Алланың рақымшылығын тілеп, террордың ешқашан мақсатына жете алмайтынын білдірді.

Басқа жағынан Стамбұлдағы президент Ердоған мен премьер-министр Ахмет Давутоғлу опасыз шабуыл туралы ақпарат алды. Давутоғлу болса тиісті министрліктермен кезектен тыс бір жиналыс өткізді. Жиналыстың артынан мәлімдеме жасалмады.

Республикашыл халық партиясы төрағасы Кемал Кылычтароғлу «Террор кімнен келсе де, қайдан шықса да лағынеттеу баршамыздың ортақ міндеті» деді.

Террор шабуылдарына оппозициялық партия басшыларынан да қатаң мәлімдемелер келді.

Ұлтшыл қозғалыс партиясы төрағасы Девлет Бахчели болса «Ұлтшыл қозғалыс партиясының террор және терроризммен күрес күресте ұлты және мемлекетімен бірге» деді. Шабуылда қаза тапқандарға Алладан рақымшылық тілеген Бахчели түрік ұлтына көңіл айтты. Бахчели жаралыларға да шипа тіледі.

Халықтардың демократия партиясы да Истиклал даңғылындағы жанкешті шабуылмен байланысты мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде террор айыпталып, «Жазықсыз азаматтарымыз бар жерде күн сайын адамдардың жұмысына барып, сауда жасаған бір аудандағы шабуылда кім жасаған болса да қабылданбайды» деді.

11-ші президент Абдуллах Гүл Стамбұлдағы шабуылға орай әлеуметтік медиадан мәлімдеме жасады.

Твиттер парақшасынан оқиғаны айыптаған Гүл «Толығымен жазықсыз адамдарды нысанаға алған террор шабуылын қатаң түрде лағынеттеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар