Силопиде тіршілік қалпына келе бастады

Силопи ауданында террор ұйымы ПКК-ның шабуылдарының шығыны 82 миллион лираға ұласты.

445454
Силопиде тіршілік қалпына келе бастады

Шырнактың Силопи ауданында террор ұйымы ПКК-ның шабуылдарының шығыны 82 миллион лираға ұласты.

«Шәйіт полиция Мұхаммет Онур» атты операциямен террордан тазаланған Силопиде террор шабуылдарының іздері жойылуда.

Азаматтар қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін сауда дүкендерге еркін бара бастады.

«Террор және террормен күрестен туындаған зияндарды өтеу жөніндегі заң» аясында үй және кәсіпорындарына зиян келгендерге ақшаларын төлеу үшін зиян анықтау комиссиясы қысқа уақыт бұрын ауданда жұмыстанды.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 342 ғимарат және жұмыс орнына қоса 2 мешітке ауыр зиян келді. 6 мың 352 ғимарат пен жұмыс орнына қоса 17 мемлекеттік ғимаратқа жеңіл зиян келіп, 27 мың ғимараттың толығымен жойылғаны, 898 ғимараттың операциялардан аман қалғаны анықталды.

Террор шабуылдарының аудандағы ғимараттарға тиісті шығынның 82 миллион лира екенін анықтады.

Террордан зардап шеккен азаматтар үй мен жұмыс орындарындағы зияндары үшін Силопи қала әкімшілігіне арыз беріп, қажетті жәрдемді қамтамасыз ете алады.



Ұқсас жаңалықтар