Президент Гвинеяда болды

Екі ел арасында қорғаныс, экономика, медицина сынды 9 тақырыпта келісімдерге қол қойылды.

444205
Президент Гвинеяда болды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Гвинеяға тарихтағы отаршылдар секілді емес, бауырластық байланысымен келгісі келетінін айтты.

Ердоған Батыс Африка сапарының соңғы аялдамасы Гвинеяда болды.

Екі ел арасында қорғаныс, экономика, медицина сынды 9 тақырыпта келісімдерге қол қойылды.

Гвинея президенті Альфа Кондемен бірге өткізілген баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген Ердоған: «Гвинеяға достан да гөрі бауырлас ел деп қараймын» деді. Түрік әуе жолдарының маусым айында Гвинеяға рейс бастататынын сүйіншіледі.

Екі жақты қатынастарға да тоқталған Ердоған Гвинеяның жер асты және жер бетіндегі байлықтары бар екенін атап көрсетті. Ол 69 миллион долларлық сауда әлеуетін алғашқы сатыда 250, артынан 500 миллион долларға жеткізуді нысаналап отырғандарын білдірді.

Гвинея президенті Альфа Конде де сапарға риза болғанын білдіріп: «Құрметті президент тек президент қана емес, мұсылман бауырымыз ретінде келді. Сапары гвинеялықтар үшін үлкен сабақ, біз үйренетін көп нәрсе бар» деді.

Кондеге туған күніне орай тосын сый жасаған Ердоған Стамбул қалалық муниципалитетінің бас қала Конакриге 50 автобус сыйлайтынын айтты. Конде президент Ердоғанның осы сыйына қуанып, оны құшақтады.

Президент Гвинея сапарын аяқтап, елге оралды.



Ұқсас жаңалықтар