Президент Нигерияда

Президент Режеп Тайып Ердоған Нигерияның бас қаласы Абуджаға барды.

443118
Президент Нигерияда

Батыс Африка сапарының екінші аялдамасы Ганадағы байланыстарын аяқтаған президент Режеп Тайып Ердоған Нигерияның бас қаласы Абуджаға барды.

Президент Ердоғанды әуежайында Нигерияның Сыртқы істерге жауапты мемлекеттік министрі Кадижа Букар Абба Ибрахим мен Абуджа федералдық министрі Мұхаммед Муса Белло қарсы алды.

Ердоған үшін артынан Нигерия президенттік сарайында ресми қарсы алу рәсімі өткізілді.

Президент Ердоған мен Нигерия президенті Мұхаммед Бухари оңаша бас қосты. Артынан делегация аралық кездесуге басшылық жасады.

Кездесуде аймақтық және жаһандық оқиғалар қолға алынады.

Ердоған артынан Түркияның Абуджаға өкілетті елшілігіне барады.

Осындағы байланыстары аяқталған соң президент Режеп Тайып Ердоған Батыс Африка сапарының соңғы аялдамасы Гвинеяға барады.

Президент Ердоғанға жұбайы Емине Ердоған, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Қоршаған орта және қала министрі Фатма Гүлдемет Сары, Экономика министрі Мұстафа Елиташ, Энергия және табиғи ресурстар министрі Берат Албайрак пен Ұлттық Қорғаныс министрі Исмет Йылмаз серік болуда.



Ұқсас жаңалықтар