'Frontex' директоры Түркияда

«Frontex» Атқару директоры Фабрис Леггери сыртқы және ішкі істер министрлігі лауазымдыларымен бас қосты.

442714
'Frontex' директоры Түркияда

Еуроодақ шекара қауіпсіздігі мекемесі «Frontex», Жерорта және Эгей теңіздеріндегі келімсек өлімдерінің алдын алу шараларын арттырды.

Грекия мен Италия су айдынындағы күзету қызметін кұшейткен «Frontex» сондай-ақ заңсыз көшпен күрес үшін әуе қолдауы да береді.

Заңсыз көш және адам саудасымен күрес тақырыптары үшін Түркияға келген «Frontex» атқару директоры Фабрис Леггери сыртқы және ішкі істер министрлігі лауазымдыларымен бас қосты.

Кездесуді баспасөзге бағалаған Леггери Түркиямен тікелей ақпарат бөлісудің маңызына назар аударды.

Түркиямен 4 жыл бұрын келісім жасалғанын еске салған Леггери кездесу барысында соңғы кездегі ынтымақтастықтың қолға алынғанын және келесі жылдарда нақты ынтымақтастық жұмыстарын жоспарлағандарын атап айтты.

Леггери «Шекара қауіпсіздігін басқару, заңсыз көш және адам саудасына қатысты Ішкі істер министрлігі лауазымдыларымен бас қостық. Түрік полиция басқармасының адам саудасы үшін арнайы бір бөлімше құруы жөнінде көзқарасымызды бөлістік. Мұны қамтамасыз еткен жағдайда, Түркиямен тікелей ақпарат бөлісу тақырыбын қамтамасыз ете аламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар