YPG ПКК-ның Сириядағы жалғасы

Давутоғлұ террористтерге қолдау көрсеткен елдерге қатал ескерту жасады.

439226
YPG ПКК-ның Сириядағы жалғасы

Премьер-министр Ахмет Давутоғлұ Сирияда атқарылатын атысты тоқтату келісімінің «Қауіпсіздікке қауіп төндіретін жағдайда» Түркиямен байланысының болмайтынын айтты.

Давутоғлұ «Бұл атысты тоқтату келісімі Сирия ішінде қақтығыс жасаған тараптар үшін күшіне ие келісім болып саналады» деді.

Конияда журналисттердің күн тәртібіне байланысты сұрақтарына жауап берген Ахмет Давутоғлұ бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы жалғасы YPG-нің ДАИШ және Әл-Нусра сынды бір террор ұйымы екенін түсіндірді.

Вашингтон және Мәскеу әкімшіліктерін артқы жағына алған Сирия үшін жасалған атысты тоқтату келісімінде осы ұйымды террорист деп атамағанын білдірген премьер-министр «Бұның болуы керек еді. Бірақ Түркия қауіпсіздік тілге тиек болғанда ешкіммен рұқсат алмайды, ешкімнен сұрамайды. Өйткені сол кезден бастап мәселе Сирия мәселесі болудан шығады» деді.

Давутоғлұ террористтерге қолдау көрсеткен елдерге де қатал ескерту жасады.



Ұқсас жаңалықтар