Президент Ердоған Стамбұлда ЮНЕСКО-ның бағдарламасына қатысты

«Өзімізді қорған кезде алдымызға кім шықса, оны да 'террорист' деп санаймыз»

436479
Президент Ердоған Стамбұлда ЮНЕСКО-ның бағдарламасына қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған террор шабуылдары алдында Түркияның заңды қорғаныс құқын қолдануына ешкімнің тосқауыл қоя алмайтынын атап айтты.

Президент Ердоған Стамбұлда ұйымдастырылған «ЮНЕСКО Әлем Гастрономия қаласы: Газиантеп» бағдарламасына қатысты. Президент Ердоған бағдарламада Түркияның террормен күрес операцияларына назар аударды.

Түркияның шабуылдар алдында заңды қорғаныс жағдайына жеткенін атап көрсеткен президент Ердоған «Түркия бетпе-бет қалған қауіппен күрес сатысында Сирия мен террор ұйымдары ұялаған бар жерде қажетті жағдайда әртүрлі операция жасауға құқылы» деді.

Президент Ердоған Сирияда жарты миллион адам қырылған кезде үнсіз қарап отырғандар Түркияға заңды қорғаныс құқын қолданған кезде наразылық көрсете бастағанын, алайда соншама адам қырылған соң бұл наразылықтардың өздері үшін мағынасыз екенін білдірді.

Аймақта өз болмысын түсіндіре алмағандардың Түркия жері мен азаматтарының қауіпсіздігін сақтауға бағытталған операцияларын құрметтеуге мәжбүр екендерін атап айтқан Ердоған «Өзімізді қорғап жатқанда, алдымызға кім де кім шығатын болса оны да террористке санаймыз» деді.

Президент Ердоған Түркияның қару-жарақ қолдану ережесінің тек қана өздеріне бағытталған тікелей шабуылдармен шектеулі болудан шығып, ПЙД және ДАИШ-тен бастап, әртүрлі террор қаупін қамтитындай кеңейту құқында қолданатынын атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар