Қылмыстылар ПКК және PYD

Ердоған Анкараны шабуыл қылмыстыларының ПКК және PYD екенін айтты

435078
Қылмыстылар ПКК және PYD

Президент Режеп Тайып Ердоған Анкараны қанға бояған опасыз шабуыл қылмыстыларының ПКК және PYD екенін айтты.

Ердоған кешегі террор шабуылы себепті Бас штаб басқармасы төрағасы генерал Хулуси Акарға көңіл айтты.

Президент оқиғамен байланысты қазірге дейін 14 адамның бақылау астына алынғанын білдіріп, «Осы оқиғаның шетелде және мемлекет ішінде жалғасы болғаны себепті» бақылау астына алатындар санының артуы мүмкіндігін баяндады.

Премьер-министр Ахмет Давутоғлұ болса «Одақтасымыз қолдау көрсеткен YPG 28 жанды алды» деп, астана Анкарадағы террор шабуыл қылмыстының Сирияда дүниеге келген Салих Нежжар атты мүше екенін жариялады.

Опасыз шабуылға орай Президент Режеп Тайып Ердоған Әзірбайжанға бүгін аттану жоспарын күшінен қалдырды. Премьер-министр Ахмет Давутоғлұ да кеше кеште Еуропа Одағы саммиті үшін Бельгияға барудан бас тартты.



Ұқсас жаңалықтар