Түрік әскерінің Сомалидегі қызмет мерзімі 1 жылға созылды

Ұлттық Қорғаныс министрі Исмет Йылмаз Түркияның аймақта болмысын жалғастыру керектігін атап айтты.

430041
Түрік әскерінің Сомалидегі қызмет мерзімі 1 жылға созылды

Түрік Қарулы күштерінің Аден Шығанағы мен Сомали су айдынында міндет атқаруы үшін үкіметке жауапкершілік жүктеген рұқсаттың мерзімін ұзарту Мәжіліс Жалпы кеңесінде қолға алынды.

Ұлттық Қорғаныс министрі Исмет Йылмаз Түркияның аймақта болмысын жалғастыру керектігін атап айтты.

Йылмаз қабылданған шаралар нәтижесінде Аден Шығанағы мен Сомали су айдыны және төңірегі, Араб теңізі және қосымша аймақтарда соңғы бір жылдың ішінде ешбір түрік сауда кемесінің шабуылға ұшырамағанын атап көрсетті.

Рұқсатқа Әділет және даму партиясы, Республикашыл халық партиясы және Ұлтшыл қозғалыс партиясы депутаттары қолдау берді.

Дауыс беру кезеңінде премьер-министрлік ұсынған рұқсат мерзімі 1 жылға ұзартылды.



Ұқсас жаңалықтар