АҚШ елшісі СІМ-не шақырылды

АҚШ PYD-ні террор ұйымы ретінде қабылдамайды.

429934
АҚШ елшісі СІМ-не шақырылды

Америка Құрама Штаттарының Анкарадағы өкілетті және төтенше елшісі Джон Басс Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Басс елінің бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның жалғасы болып табылатын PYD-ге байланысты мәлімдемесіне орай шақырылды.

Кеңесші орынбасары тарапынан қабылданған өкілетті елші Бассқа АҚШ Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Джон Кербидің «PYD-ні террор ұйымы ретінде есептемейміз» деген сөздеріне деген мазасыздық жеткізілді.

Аталмыш мәлімдемеге Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу да Венгриядан наразылық білдірген еді. Чавушоғлу: «Сіз бір террор ұйымын террор ұйымдары тізіміне аласыз. Ал онымен бірге қозғалатын ұйымды террор ұйымы ретінде қабылдамайсыз. Бұған қалай деуге болады, бұл қабылданбайды» деген болатын.

Мевлүт Чавушоғлу: «АҚШ бір шешімге келуі керек, серік ретінде бізді таңдай ма, әлде террор ұйымдарын таңдай ма?» деген еді.

Сонымен бірге Америка Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Джон Керби бүгін қайтадан мәлімдеме жасады.

Анкарадағы қабылдауға байланысты Керби: «PYD-ге байланысты көзқарасымыз өзгермеді» деді.

Баспасөз хатшысы «Түркия – біздің одақтасымыз. PYD мен Түркия арасында таңдау болмайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар