Ибрахим Калын террорға қарсы шақыру тастады

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Сабах газетінің сұрақтарына жауап қайтарды.

423299
Ибрахим Калын террорға қарсы шақыру тастады

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын террормен күрестің табандылықпен жалғасатынын атап, террордың әр түріне қарсы шығуға шақырды.
Сабах газетінің сұрақтарына жауап қайтарған Калын террордың жойылуы үшін шешім жолдарын ұсынды және лаңкестік операцияларына қарсы шыққандарға жолдама жасады.
Калын «ПКК террор ұйымының қару тастағанын көрейік. Одан кейін шешім үдерісінің қалай жылжитынын сөйлесейік. Қала орталықтарында басқыншылық бастамалары жалғасып отырғанда, осыларды көрместен келіп, 'қақтығыс болмасын, келіссөз жасалсын' дегендері не саяси аңқаулық, не болмаса әдейі жасалған бастама» деді.
ДАИШ террор ұйымы да Ибрахим Калынның күн тәртібінде еді.
Дін атынан жазықсыз адамдарды өлтірген жауыздардың Исламмен байланысы жоқ екенін атап айтқан Калын «ДАИШ замандас жауыздықтың жаңа қуыршағы» деді.



Ұқсас жаңалықтар