Израильмен нақты келісім жоқ

Бірақ келіссөздер оң бағытта жылжуда.

413167
Израильмен нақты келісім жоқ

Түркия Израильмен бір келісімге келмегенін, алайда келіссөздің жақсы жүріп жатқанын білдірді.

Бұл туралы премьер-министрліктегі дерек көздер хабарлады.

2010 жылғы "Көгілдір Мәрмәр" кемесіне шабуылдан кейін екі ел қатынастары бұзылған еді.

Өкілеттілер Израильмен келіссөздің бір мезгілден бері жалғасып келе жатқандығын атап көрсетіп, қазірге дейін екі ел арасында нақты келісімге келінбегенін хабарлады.

Рейтер хабар агенттігі Израильдің аталмыш оқиға үшін Түркияға құнақы төлейтінін, екі ел елшіліктерінің қайтадан ашылатынын хабарлаған еді.

Израиль Сыртқы істер министрлігінен бір лауазымды да соңғы кездесу келіссөздің жиілегенін айтты.

Түркия президенттік аппаратының баспасөз хатшысы Ибрахим Калын да бұдан бұрын саяси қатынастардың қалыпқа енетінін, Израильдің құнақы төлеуі және Газадағы эмбарголарға байланысты қадам басуы керектігін айтқан болатын.

Израиль Сыртқы істер министрлігі кеңесшісі Доре Голд та 14 желтоқсан күні «Израиль Түркиямен тұрақты қатынаста болуды қалайды. Осы мақсатқа жетудің жолдары іздестірілуде» деген еді.



Ұқсас жаңалықтар