Орыс соғыс кемесі түрік балықшыларына ескерту мақсатты оқ атты

Мәскеудегі түрік өкілетті елшілігі әскери атташесі Ресей Қорғаныс министрлігіне шақырылды.

408344
Орыс соғыс кемесі түрік балықшыларына ескерту мақсатты оқ атты

Ресей Қорғаныс министрлігі түрік балықшы кемесінің Эгей теңізінде жүзген орыс соғыс кемесіне жақындағаны үшін ескерту мақсатты оқ атылғанын мәлімдеді.
Ресейдің мәлімдемесіне қарағанда Грекияның Лимни аралының 22 шақырым су айдынында болған оқиғаның артынан балықшы қайығы бағытын өзгертті.
Оқиғаның артынан  Мәскеу өкілетті елшілігіндегі түрік әскери атташесі Ресей Қорғаныс министрлігіне шақырылды.
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу тақырыппен байланысты «Орыс тарапының мәлімдемесін тыңдадық. Қазір балықшы қайығы анықталды және балықшыларды да тыңдап қажетті мәлімдемені жасаймыз. Біз әр қашан айтып отырмыз. Ешқашан дағдарыс қаламаймыз. Біз келіссөзді жақтаймыз. 24 қараша күнгі қайғылы оқиғаның артынан да осы ұстанымымыз өзгермеді» деді.
Түрік қарулы күштері болса Ресейдің ұстанымына қарсы жаңа шешім қабылдады. Түрік қарулы күштері қызметкерлерінің Ресейге баруына тыйым салды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар