Ердоған мен Путиннің Парижде бас қосуы күтіледі

Парижде өтетін Климат саммитінде президент Ердоған мен Ресей президенті Путиннің бас қосуы күтіледі.

393121
Ердоған мен Путиннің Парижде бас қосуы күтіледі

Түрік әуе кеңістігін бұзған орыс соғыс ұшағының құлатылуының артынан дипломатия дағдарысы жалғасып жатқанда, президент Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің Климат саммитінде бас қосуы күтіледі.
Араларында президент Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин де бар 147 мемлекет және үкімет басшысының қатысуы күтілген Климат саммиті дүйсенбі күні Францияның бас қаласы Парижде басталады.
Йени шафак газетінің хабарына қарағанда, саммит аясында Ердоған мен Путиннің ресми түрде оңаша кездесуі үшін бір бағдарламасы жоқ. Дегенмен екі басшының Парижде соңғы оқиғалардың артынан бас қосуы күтіледі.
Халықаралық қоғамда орын алған дағдарысқа керісінше кешегі дипломатиялық байланыстарда Түркия-Ресей дағдарысының жеңілдегені пайымдары артты. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Түркия сапарын кейінге қалдырса да, Мәскеу Стамбұлда ұйымдастырылған ISEDAK жиналысына өкілін жіберді.
ISEDAK жиналысына араларында Ресейде бар 6 бақылаушы елдің дипломаттары да қатысты. Ресейдің өкілі ретінде Мәскеуден келген Ресей Федерациясы президенті Владимир Путиннің арнайы өкілі өкілетті елші Константин Шувалов Ердоған баяндама жасағанда залда отырды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар