Анталияда қауіпсіздік шаралары басталды

Белек өңірі әлем басшыларын қонақ қылады.

363137
Анталияда қауіпсіздік шаралары басталды

Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында 15-16 қараша күндер аралығында Анталияның Белек ауданында бас қосатын 20 тобы басшылар саммитіне аз уақыт қалды.


Әлем тұрғындарының 66 пайызына өкілдік ететін ең ауқымды халықаралық платформа болып табылатын 20 тобы жиналысында 19 елдің және Еуропа Одағы комиссиясының басшылары бас қосады.


Саммитте Сириядағы әуе операцияларынан кейін Америка Құрама Штаттары президенті Барак Обама мен Ресей президенті Владимир Путин бас қосады.


Басшылар дөңгелек үстелде климат өзгерісінен жаһандық экономикаға, ІМҒ реформасынан энергияға дейін әлем экономикасына бағыт беретін көптеген тақырыпты қолға алады.
Саммиттің ең маңызды тақырыптары болса террормен күрес және босқын дағдарысы болады.


Белектегі саммит үшін аймақтағы бес жұлдызды 46 қонақүй делегацияларға бөлінеді.


Әлем басшыларын қонақ қылатын Анталияда қауіпсіздік шаралары әуежайында басталады. Белектің қауіпсіздігі әуеден, құрлықтан және теңізден қамдалады. Белекте саммит бойынша әрі полиция, әрі жандармерия қызмет атқаратын болады.


Саммит аяқталғанға дейін Белек өңіріне турист қабылданбайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар