Шетелдегі түрік азаматтары Әділет және даму партиясын таңдады

Шетелде өмір сүрген 2 миллион 899 мың 59 сайлаушының 1 миллион 160 мың 38-і дауыс қолданды.

362140
Шетелдегі түрік азаматтары Әділет және даму партиясын таңдады

Бейресми қорытындыға қарағанда 56,37 пайызбен Әділет және даму партиясы дауыстардың көпшілігін жинады.
7 маусым күні 50, 37 пайыз мөлшерінде дауыс жинаған Әділет және даму партиясы 1 қараша күнгі сайлауда 647 мың 27 сайлаушының дауысын жинап, дауыстарын 56,37 пайызға жеткізді.
ХДП осы сайлауда 220 мың 59 сайлаушының дауысын жинап, 19,17 пайыз шетелден дауыс жинаған екінші партия болды.
Республикашыл Халық партиясы 166 мың 737 дауыспен 15,40 пайыз жинаса Ұлтшыл қозғалыс партиясы 80 мың 884 дауыспен 7,5 пайыз дауыс жинап төртінші партия аталды.
Шетелде қолданылған дауыстардың таралымына қарағанда, ең көп дауыс 575 мың 587 сайлаушымен Германиядан шықты. Германияның артынан 142 мың 988 сайлаушымен Франция және 114 мың 624 сайлаушымен Голландия келеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар