Алиев пен Меркель премьер-министрді құттықтады

Басшылар 1 қараша сайлауындаға табысына орай премьер-министр Ахмет Давутоғлун құттықтады.

408441
Алиев пен Меркель премьер-министрді құттықтады

Әзірбайжан президенті Илхам Алиев және Германия канцлері Ангела Меркель 1 қараша сайлауындағы табысы себепті премьер-министр Ахмет Давутоғлун телефонмен құттықтады.
Түркияның күші және тұрақтылығын өз күші мен тұрақтылықтары ретінде бағалағанын атап айтқан Әзірбайжан президенті Алиев үкімет құрылған соң премьер-министр Давутоғлун Бакуге шақырды.
Алиевке алғысын білдірген Давутоғлу Әзірбайжанда өткен жалпы халық сайлауына орай президентті құттықтады.
Жаңа үкіметтің премьер-министр ретінде тұңғыш сапарларының бірін бауырлас Әзірбайжанға ұйымдастыратынын білдірді.
Германия канцлері Ангела Меркель де Әділет және даму партиясының сайлаудағы жеңісіне орай Давутоғлун құттықтады.
Сайлаудың бейбітшіл бір ортада 85 пайыздан жоғары қатысушысымен жүзеге асырылуын түрік демократиясы тұрғысынан маңызды екенін атап көрсетті.
Әңгіме барысында басшылар Сириядағы жаңалықтар, ДАИШ-пен күрес және босқын дағдарысы тақырыптарында да пікір алмасты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар