Түрік соғыс ұшақтары ДАИШ нысаналарын бомбалады

Түрік қарулы күштері Сириядағы террор ұйымы ДАИШ қорғаныстарына бомба жаудырды.

361348
Түрік соғыс ұшақтары ДАИШ нысаналарын бомбалады

Сирияның Түркия шекарасына жақын кейбір аймақтардағы ДАИШ нысаналары құрлықтан оппозициядағы түрікмендер, әуеден Түркия мен АҚШ жойғыш ұшақтары бомбалады.
ДАИШ-ке қарсы құрылған коалиция құрамындағы түрік F-16 соғыс ұшақтары азанғы уақытта шекарадан тыс террор қорғаныстарына бомба жаудырды.
Операцияда Инжирлик әуе базасынан ұшқан Түркияға тиесілі 6 соғыс ұшағы ақылды қарулармен 8, коалицияға тиесілі ұшқышсыз бір ұшақта 1 әуе шабуылы жасады.
ДАИШ-тің 8 нысанасы жойылған операцияға сириялық оппозиционер топтардан түрікмендерге тиесілі Сұлтан Мұрат түмені құрлықтан қатысты.
Шамамен 600 адамнан тұратын түрікмен жасақтары Харжеле ауылында сыпыру операциясы бастады.
Операцияға оппозициядағы Дамаск майданы да қолдау берді.
Операцияда 50-ден астам ДАИШ мүшесі өлтіріліп, 30 шақты террорист жарақат алды.
Харжеле және Делха ауылдарында ДАИШ пен оппозиция арасындағы қақтығыстар жалғасуда.
Түркия шекарадағы Харжеле ауылы шілде айында ДАИШ-тің бақылауына өткен болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар