Президент Ердоған республика мерекесі рәсіміне қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның 2023 нысанасына міндетті түрде қол жеткізетінін атап көрсетті.

360163
Президент Ердоған республика мерекесі рәсіміне қатысты

Ердоған 29 қазан Республика мерекесі рәсімдері аясында Анкара Мәдениет Орталығындағы ресми рәсімде халыққа үн қатты.
Ұлт ретінде қиын шарттарда құрылған Түркия Республикасын дамыған өркениеттер қатарына көтеру үшін 92 жылдан бері күрескендерін атап айтқан Ердоған Түркияны аймағы және әлемнің ең маңызды мемлекеттері арасында биікке көтерілген бір шоқ жұлдызға айналдыратындарын білдірді.
Ердоған «Бүгін мемлекетіміз құдайға шүкір жәбірленушілердің үмітіне айналды. Басқа жағынан бірлік, ынтымақтастық және бауырластық аясында бастаған демократия мен өркендеу күресімізге мазасызданғандар әр кезеңде алдымызға бөгет жасауда. Шарттар қандай болса да тарихқа қалдырған бір ұлт азаттық күреспен құрған және республикамен шыңға көтерген мемлекетімізге бағытталған әртүрлі қауіпке қарсылық беретін күшке, мүмкіншілікке және тұрақтылыққа иеміз» деді.
Ердоған «78 миллион азаматымызбен тарихтан келе жатқан күшімізбен келешекке қарай жүреміз. Бір ұлт, бір байрақ, бір отан, бір мемлекет ережелері төңірегінде бүтіндескен жағдайда шеше алмайтын ешбір мәселеміз қалмайды» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар