Президент Ердоған мен қонақ президенттен құрбандарға тағзым

Финляндия президенті Саули Нийнистемен бірге оқиға орнына барған Ердоған қаза тапқандар үшін қызыл қалампыр қойды.

392383
Президент Ердоған мен қонақ президенттен құрбандарға тағзым

Президент Режеп Тайып Ердоған ресми бір сапар үшін Түркиядағы Финляндия президенті Саули Нийнистемен бірге Анкара вокзалындағы лаңкестікте қаза тапқандар үшін оқиға орнына қызыл қалампыр қойды.
Азанғы уақытта Анкара вокзалына барған президент жұбайы Эмине Ердоғанмен бірге қонақ әріптесін қарсы алды.
Екі президент террор шабуылында қаза тапқандарды еске алу үшін шабуыл жасалған вокзалдың алдына барды.
Жарылыс болған әр екі жерде де қаза тапқандарды үнсіз еске алған Ердоған үшін ауқымды қауіпсіздік шаралары іске қосылды.
Шабуыл орнында бақылау жасаған Ердоған кейін қонақ әріптесін шығарып салды.
Ердоғанның артынан Ішкі істер министрі Селами Алтынокта аймаққа барды.
Аймаққа гүл тастаған Алтынок мәлімдеме жасамай қайтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар