Тунжелиде террор ұйымы нысаналарына әуе шабуылы

Операция барысында ПКК террор ұйымына тиесілі үңгір мен баспаналар бомбаланды.

388816
Тунжелиде террор ұйымы нысаналарына әуе шабуылы

Тунджелиде Пүлүмүр және Оваджык алқаптарында террор ұйымы ПКК-ға тиесілі үңгір және баспаналарға әуе шабуылдары жасалды.
Сәрсенбі күні кешкі уақытта адамсыз әуе көліктері барлау ұшуы нәтижесінде анықталған жерлерге операция жасады.
Операция барысында террор ұйымы баспаналары мен ауыр қарулар бар екені анықталған пункттерге соғыс ұшақтары тарапынан шабуыл жасалды.
Хаккари, Битлис және Батманда қауіпсіздік күштері мен жазықсыз халықты нысанаға алған лаңкестік шабуылдарда ешкім жарақат алмады.
Шабуылдардың артынан қауіпсіздік күштері 4 адам екенін анықтаған және нөмірсіз бір көлікпен қашқан шабуылшыларды ұстау үшін ауқымды бір операция басталды.
Битлис губернаторлығы болса артып отырған оқиғалар себепті қалалық Жандармерия қолбасшылығы мен Татван, Гүроймак, Хизан және Мутчи аудандық Жандармерия қолбасшылығының жауапкершілігіндегі аймақтарда кейбір алаңдардың «уақытша әскери қауіпсіздік аймағы» ретінде жарияланғанын жариялады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар