Давутоғлу мен Кылычдароғлу қайтадан кездеседі

Үкімет құру үдерісі аясында премьер-министр Давутоғлу мен РХП басшысы Кылычдароғлу 4,5 сағат кездесу өткізді.

322294
Давутоғлу мен Кылычдароғлу қайтадан кездеседі

Давутоғлу мен Кылычдароғлу қайтадан кездеседі.


Үкімет құру үдерісі аясында премьер-министр Давутоғлу мен Республика Халық партиясы басшысы Кылычдароғлу 4,5 сағат кездесу өткізді.


Мәдениет және туризм министрі Өмер Челик кездесуден кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді. «Түркияны үкіметсіз қалдырмау жауапкершілігімен екі басшы ауқымды кездесу өткізді» деді ол.


Келісілген және келісілмеген тақырыптарда екі басшының көзқарастарын тілге тиек еткендерін атап көрсеткен министр Челик әлі нәтиже жоқтығын, бейсенбі немесе жұма күні қайта кездесу болатынын айтты.


Республика халық партиясының жетекшісінің орынбасары және партия баспасөз хатшысы Халук Коч болса партия ретінде Түркияны тынышталдыратын саяси ерік-жігер үшін жұмыстанғандарын айтып, «Мақсатымыз – көркейтуші, нәтиже беретін, проблемалардың шешілуіне үлес қосатын бір коалиция, үкімет жауапкершілігінің қалыптасуын жеңілдету» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар