Ердоған шәйіттерге көңіл айтқан телеграммасын жіберді

Ағры мен Мардинде жанкешті шабуылда жаралы саны 31-ге жетті.

312112
Ердоған шәйіттерге көңіл айтқан телеграммасын жіберді

Ағры мен Мардинде түрік әскеріне террористтер шабуыл жасады.

Ағрының Доғубеязыт ауданында ПКК террор ұйымы тарапынан жандармерия бөлімшесіне жарылғыш орналастырылған трактормен жасалған жанкешті шабуылда 2 әскер шәйіт болды, 8-і ауыр күйде 31 әскер де жараланды.

Шабуыл азанғы сағат 03:00-де 2 тонна жарылғыш орналастырылған трактормен жасалды.

Бас Штаб Басқармасы шабуылды қатаң түрде айыптады.

Бас Штаб Басқармасы тарапынан жасалған мәлімдемеде "қанішерлер тарапынан жауыздықпен жасалған бұл шабуылды қатаң түрде айыптаймыз" делінді.

Президент Режеп Тайып Ердоған да Бас Штаб Басқармасы төрағасы генерал-лейтенант Неждет Өзелге телеграмма жіберді.

Тақырыпқа қатысты жазбаша мәлімдеме жасаған президенттік ақпарат орталығы президенттің мәлімдемесінде "Құрметті президентіміз телеграммасында бұл шабуылдың өзін қатты қайғыртқанын атап, шәйіттерімізге Алладан рақымшылық, жанұяларға, ұлтымызға және Түрік Қарулы Күштеріне көңілін айтты. Жаралы әскерлерімізге жедел шипа тіледі" делінді.

Мардиннің Мидят ауданында болса Керкүк-Юмурталык Мұнай құбыр желісінің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен әскерлерді тасыған көлік өткен кезде террор ұйымы ПКК тарапынан жолға орналастырылған мина жарылды.

Оқиғада 1 әскер шәйіт болды, 7 әскер жарақат алды.

Қауіпсіздік күштері шабуылшыларды қолға түсіру үшін операция бастады.

Мардин губернаторлығынан жасалған мәлімдемеде "Шабуылды жасаған террористтерді ұстау және халқымыздың тыныштық пен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде жұмыстарымыз үздіксіз жалғасуда" делінді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар