Президент Ердоған Индонезияда

Ердоғанның екінші аялдамасы Индонезия.

310945
Президент Ердоған Индонезияда

Президент Режеп Тайып Ердоғанның екінші аялдамасы Индонезия.
Президент Ердоған Қытайдан кейін Индонезияға барды. Ердоған ресми кездесулерін астана Джакартадағы Ұлттық қауіпсіздік институтын зиярат етіп бастады.
Институттың студенттеріне «Түрік сыртқы саясаты» атты тақырыбында бір баяндама жасаған Ердоған шетелдік дұшпандығы, нәсілшілдік және Исламофобия сынды әрекеттерге қарсы ынтымақтастық жасау керектігін айтты.
Ердоған баяндамадан кейін әлемнің ең үлкен төртінші мешіті ретінде қабылданған Истиклал мешітін зиярат етті. Ердоған одан кейін Калибата ұлттық қаһармандар қабіріне барды. Президенттің одан кейінгі аялдамасы Истана Мердака Президенттік сарайы болды. Ердоғанды бұл жерде Индонезия Президенті Джоко Видодо рәсіммен қарсы алды. Рәсіммен кейін екі лидер оңаша кездесті.
Индонезия Өкілдер мәжілісі төрағасымен бас қосатын Президент Ердоған ертең елге оралады.

 

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар