Шырнакта әскери керуенге шабуыл жасалды

Шырнактың Акчай ауданында террористтер тарапынан жасалған шабуылда 3 әскер шәйіт болды.

308052
Шырнакта әскери керуенге шабуыл жасалды

Бас Штаб Басқармасы шабуыл туралы мәлімдеме жасады.
Бүгін азанғы уақытта сағат 09.10-да Шырнак Акчайға тиесілі Гөрмеч және Сеслидже әскери аймағына демалыстан оралып жатқан қызметкерлерді тасымалдаған керуеннің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен әскерлерге террористтер шабуылдады.
Шабуылда 1 офицер, 1 қатардағы әскер және бір сержант барлығы 3 әскери қызметкер шәйіт болды.
Оқиғаның артынан аймаққа ұшқышсыз әуе көлігі, тікұшақтар және арнайы жасақтар жіберілді.
Операция барысында 1 террорист өлтірілді.
Террористтерге бағытталған операциялардың жалғасатынын атап көрсеткен Бас Штаб Басқармасының 3 әскердің шәйіт етілуі жайлы мәлімдемесінде «Шәйіттерімізге Алланың рақымшылығын тілеп, жанұялары мен достарына және Түрік Қарулы Күштері қызметкерлеріне көңіл айтамыз. Ұлтымызға сабыр тілейміз» делінді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар