Түрік қарулы күштері шекара бақылауы жайлы мәлімдеме жасады

Түрік қарулы күштері Сирия шекарасындағы соңғы мәліметтерді бөлісті.

384216
Түрік қарулы күштері шекара бақылауы жайлы мәлімдеме жасады

Түрік қарулы күштері мәлімдемесінде шекаралардағы әскери қызметкерлердің жартыдан астамының Сирия шекарасында қызмет атқарғанын жариялады.
Түрік қарулы күштері Сирия шекарасында қабылданған жаңа шаралардың болымды нәтиже бере бастағанын білдірді.
2015 жылдың алғашқы алты айында 468 шетелдік жауынгер ұсталды.
2014 жылы 70 мың 927 адам шекарадан заңсыз өтуге тырысқан кезде қолға түсті. Бұл көрсеткіш 2015 жылдың алғашқы алты айында 54 мың болып тіркелді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар