Әділет және даму партиясының үміткері – Исмет Йылмаз

Бұл туралы Давутоғлу мәлім етті.

320827
Әділет және даму партиясының үміткері – Исмет Йылмаз

Әділет және даму партиясының үміткері – Исмет Йылмаз.


Премьер-министр Ахмет Давутоғлу партиясының мәжіліс төрағалығына үміткерінің Сивас депутаты Исмет Йылмаз екенін жариялады.


Орталық атқару комитетінен кейін баспасөз қызметкерлерінің алдына шыққан Давутоғлу партия ретінде Исмет Йылмазды ұсынуды шешкендерін айтты.


Давутоғлу мәжіліс төрағалығы тақырыбының коалиция келіссөздерінің бір бөлшегі еместігін айтып: «Коалиция келіссөздері мәжіліс төрағасы сайланғаннан кейін, президенттің мені міндеттендіруінен кейін басталады. Қазірге дейін ешбір ресми байланыс болған жоқ. Тек өзара пікірлер ғана айтылды» деді.


«Еліміз үшін ең дұрыс шешімді алу үшін бұдан кейінгі жұмыстарымыз жалғасады» деді ол.


Республика халық партиясы Дениз Байкалды, Ұлтшыл қозғалыс партиясы Екмеледдин Ихсаноғлун, Халықтың демократия партиясы да Денгир Мир Мехметі мәжіліс төрағалығына үміткер ретінде көрсеткен болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар