Давутоғлуна құттықтаулар

Премьер-министр ТРТ-ге мәлімдеме жасады.

300927
Давутоғлуна құттықтаулар

7 маусым сайлауынан кейін премьер-министр Ахмет Давутоғлуна құттықтаулар келді.


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов, Пәкістан премьер-министрі Наваз Шериф, Еуроодақ сыртқы байланыстар және қауіпсіздік саясаттарына жауапты жоғары өкіл Федерика Могерини Давутоғлуға телефон шалды.


Шетелдік басшылар сайлаудан бірінші партия ретінде шыққан Әділет және даму партиясының табысына орай құттықтады.


Сонымен бірге премьер-министр Ахмет Давутоғлу сайлаудан кейін алғашқы мәлімдемесін ТРТ-ге білдірді.


Давутоғлу ұлттың коалиция міндетін бергенін айтып, «коалиция үшін келісім керек болса, оған да дайынбыз» деді.


Ерте сайлау таластарына да тоқталған премьер-министр коалиция құрылмаған жағдайда қайтадан халыққа жүгінетіндерін атап көрсетті.


Әділет және даму партиясының «қызыл шектері» жоқтығын тілге тиек еткен Давутоғлу «Саясатта «қызыл шек» келісімге қайшы. Біздің саяси және ахлақтық принциптеріміз бар» деді.
Премьер-министр президент Ердоған мен Республика халық партиясы депутаты Дениз Байкалдың кездесуіне жақсы баға берді, «Бұл кездесу коалиция келіссөзі емес» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар