«Жаңа үкіметпен жұмыс істеуді асыға күтеміз»

Ақүй баспасөз хатшысы Джон Эрнест осылай деп мәлімдеді.

299295
«Жаңа үкіметпен жұмыс істеуді асыға күтеміз»

Ақүй баспасөз хатшысы Джон Эрнест Түркияда өткен жалпыхалықтық сайлаудан кейін жаңа парламент және үкіметпен жұмыс істеуді асыға күтетіндерін айтты.


Эрнест баспасөз мәслихатында осы тақырыптағы бір сұраққа орай АҚШ-тың НАТО-да одақтас Түркиямен жақын саяси, экономикалық және қауіпсіздік ынтымақтастығын жалғастырғанын айтты.


Эрнест сайлау қорытындысының террор ұйымы ДАИШ-пен күреске қалай әсер ететіндігіне байланысты сұраққа жауап ретінде АҚШ-тың ДАИШ-ке қосылатын шетелдік жауынгерлердің алдын алуда Түркиямен жақыннан үйлесімді жұмыс істегендерін айтты.


Сириямен шекарасы ұзын Түркияның Сирияға барып, ДАИШ қатарында соғысуды жоспарлаған азаматтар көп қолданатын маршрут екенін атап айтқан Эрнест «Осы тақырыпта Түркияның ісіне ризамыз. Алайда әлі де атқарылатын өте маңызды істер бар» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар