Үкімет отставкаға кетті

Жоғары сайлау кеңесі сайлауға байланысты наразылықтарды талқылауда.

299017
Үкімет отставкаға кетті

Президент Ердоған министрлер кабинетінің отставкасын қабылдады.


Президент Режеп Тайып Ердоған премьер-министр Ахмет Давутоғлу ұсынған үкіметтің отставкасын қабылдады.


Премьер-министр Давутоғлу партиясының алдыңғы қатарлы басшыларымен кездескеннен кейін Президенттік сарайға барды. Сарайдағы кездесу баспасөзге жабық өтті.
Президенттік аппараттың баспасөз қызметі министрлер кабинетінің отставкасының қабылданғанын білдірді.


Осы арада елде барлық назар Жоғары сайлау кеңесінде болады. Жоғары сайлау кеңесі 7 маусым күнгі сайлауға байланысты наразылықтарды талқылайды. 19-20 маусым күндері де ресми қорытындыны жариялайды.


Президент Ердоған ресми қорытындыдан кейін үкіметті құру міндетін Ахмет Давутоғлуна береді. Әділет және даму партиясы сайлауда жалғыз дара үкімет құру үшін көпшілік дауысты жинай алмағандықтан Давутоғлу мәжіліске кірген басқа партиялардың басшыларымен ақылдасып, коалиция құруға тырысады.


Атазаңға қарағанда міндет берілгеннен бастап 45 күннің ішінде үкіметтің құрылуы керек. Егер үкімет құрылмаса президент сайлауда алған дауыстарына қарай басқа бір партияның басшыларына үкімет құру міндетін береді.


Республика халық партиясы жетекшісі Кемал Кылычдароғлу ертең сайлау туралы «уақыт өткізу» деді. Кылычдароғлу «Біздің міндетіміз – халқымыздың мүддесі үшін бір әкімшілік анықтау» деді.


Ұлтшыл қозғалыс партиясының басшысы Девлет Бахчели болса коалициядан аулағырақ. Алайда партияда барлық мүмкіндіктер қарастырылуда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар