Түрік-Катар Халықаралық Университеті құрылады

Газиантептегі университетте көбіне сириялық жастар оқитын болады.

273961
Түрік-Катар Халықаралық Университеті құрылады

Газиантеп қаласында Түрік-Катар Халықаралық Университеті құрылады.


Білім беру министрі Наби Авджы Түркияның оңтүстіктегі қалаларында тұратын сириялық азаматтардың білім алуы үшін бағдарламаға өзгеріс енгізілгенін айтты.


Авджы Түркияда өмір сүретін сириялықтар үшін Газиантепте халықаралық университет құрылатынын білдірді.


Елдеріндегі соғыстан қашып, Түркияны паналаған сириялық азаматтар үшін мектеп ашқандарын да атап көрсеткен министр осы мектептерде оқитын сириялықтарға Сирия білім беру бағдарламасы бойынша білім берілгенін айтты.


Сириялық балалар аптасына бес сағат түрік тілін үйренеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар