Түріктер мен армяндар арасында ортақ тағдыр
Түркияның армяндары 24 сәуір қарсаңында «Ортақ тағдырды бөлісейік» деді.
Түркияның армяндары 24 сәуір қарсаңында «Ортақ тағдырды бөлісейік» деді.
Фотограф Ара Гүлер 1915 жылғы оқиғаларға байланысты армяндар мен түріктердің біртұтас екенін, бірдей тағдырды бөліскенін атап көрсетті.
Түркияның «1915 жылғы оқиғаларды тарихшылар зерттесін» деген ұсынысына Гүлер «Тәуелсіз тарихшылар ақиқатты жазады. Себебі олар ақиқаттан тыс кете алмайды» деді.
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында 21 жыл өмір сүргеннен кейін екі жыл бұрын Түркияға қайта оралған өнерпаз Ервант Бостанджы болса түріктер мен армяндардың ғасырлар бойы Анадолыда көрші болғанын, қайғы-қасірет кезінде бірге жылағанын, қуанышта бірге күлгенін айтты.
Бостанджы қолына қалам алған, сауатты зиялылардың екі қоғамның бірлігі үшін жұмыстануы керектігін білдірді.
Музыкант Гаро Мафян да 1915 жылғы оқиғаларды тарихшылардың зерттеуі керектігін атап көрсетті.
Папа Францисктің сөздерін сынаған Мафян «Папа - католик әлемінің басшысы. Бүкіл христиан әлемінің басшысы емес» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Хафан Фидан Ханке Брюинс Слотпен кездесті
Хакан Фидан Голландия Сыртқы істер министрі Ханке Брюинс Слотпен кездесті.
Ердоған Виктор Орбанмен телефон арқылы сөйлесті
Ердоған Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен телефон арқылы сөйлесті.