Ирак президенті Анкарада

Масум президент Ердоғанмен кездесті.

246118
Ирак президенті Анкарада

Ресми сапармен Анкарадаға келген Ирак президенті Фуад Масумды президент Режеп Тайып Ердоған ресми түрде қарсы алды. Екі басшы оңаша кездесу өткізіп, баспасөз қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.


Баспасөз мәслихатындағы сөзін «Террор ұйымы ИШИМ-нің нысанасы мұсылмандар мен тамырлы тарихымыз» болды деп бастаған президент Ердоған сөздерін былай жалғастырды: «Осы қарулар мен ақша қайдан келіп жатыр? Осыған қатты көңіл бөлу керек. Мұсылмандардан басқа христиан әлемінен азаматтар осында не қып жүр?»


Президент: «Ирактан 300 мың босқын біздің елімізде. 1 миллион 700 мың адам да Сириядан келді. Жерорта теңізінде, Эгейде босқындарды апара жатқан қайықтардың батуына байланысты Еуропадан мәлімдемелер келіп жатыр. Егер ЕО-ға мүше елдер осындай мәлімдемелер келсе, онда өте қиын. Мұндай көзқарас қайдан шығады? Түркия 2 миллион адамға пана болып отырса, мұны гуманитарлық және ахлақтық жауапкершілігіне байланысты істеп отыр. Батыстың осы көзқарасын айыптаймын» деді.


Мәслихатта Иракпен 11,1 миллиард долларлық сауда айналымы бар екенін атап көрсеткен Ердоған осы көрсеткішті арттыруға ниеттенгендерін білдірді.
Қонақ президент Фуад Масум болса Түркияның барлық саладағы жетістіктеріне риза екенін атап айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар