ТРТ мен VESTEL фирмасы ынтымақтастық хаттамасына қол қойды

ТРТ мен VESTEL фирмасы «4K Ультра жоғары сапалы трансляция» жобасы аясында жаңа қадам басты.

238376
ТРТ мен VESTEL фирмасы ынтымақтастық хаттамасына қол қойды

Трансляция мен технологияларды жетілдіру және ел экономикасына үлес қосу мақсатты екі мекеме арасында AR-GE (зерттеу және жетілдіру) Орталығын құру жөнінде ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.
Хаттамаға ТРТ Бас директоры Шенол Гөка мен VESTEL Атқару кеңесі төрағасы Ахмет Назиф Зорлу Стамбұлда қол қойды.
Ынтымақтастық аясында теледидар трансляциясы саласында бағдарлама, жабдықтау және өнім жетілдіру, трансляцияны автоматтандыру бағдарламаларын жетілдіру сияқты жобалар енді AR-GE орталығында жетілдіріледі.
ТРТ Бас директоры Шенол Гөка ТРТ-нің трансляция тәжірибесімен «VESTEL»-дің технологиялық мүмкіншілігінің маңызды өнімдер ортаға шығаратынын атап көрсетті.
VESTEL Атқару кеңесі төрағасы Ахмет Назиф Зорлу болса трансляция мен осы технологияға басшылық жасайтын ТРТ-ге жабдықтау тақырыбында қолдау беруге дайын екендерін білдірді.
ТҮРІКСАТ Бас директоры Энсар Гүл де ынтымақтастықтың Түркияның электроникалық жиһаз өндірісінде жер серігі технологияларын пайдалануда және трансляция саласы бағытында басылған бір қадам екенін, ТҮРІКСАТ ретінде жаңа технологиялардың өндірісінде инвестиция салуға дайын екендерін айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар