Президент Режеп Тайып Ердоған Папаны айыптады

Ердоған 1915 жылғы оқиғалармен байланысты шақыруын қайталады.

236049
Президент Режеп Тайып Ердоған Папаны айыптады

Президент Режеп Тайып Ердоған «Ортақ комиссия құру шақыруын қайталаймын, құрметті Папаға да мұндай қателіктерді енді қайталамайды деген оймен айыптап, ескерту жасаймын» деді.
Анкарада мәлімдеме жасаған президент Ердоған тарихы оқиғаларды өз аймағынан, өз тұғырынан шығарып, мемлекет пен ұлтқа қарсы саяси бір акцияға айналдырылуына рұқсат етпейтіндерін атап көрсетті.
«Армян мәселесін талқылағыңыз келсе, оқиғаны шындығымен ортаға қоюымыз керек» деген Ердоған «Бұл тарих мамандарының жұмысы, біз барлық мұрағатымызды ашуға дайынбыз. Тарихшылардың жұмысын саясат қайраткерлері, дін ғалымдары жасап бастайтын болса бұл дау-дамай туғызатын болады. Ортақ комиссия құру шақыруымызды қайталаймын» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар