Түрік ұшағы қонды

Мароккоға жедел түрде қонған ұшақта тінту жүргізіледі.

288174
Түрік ұшағы қонды

«Бомба бар» деген ақпар алған Түрік әуе жолдары ұшағының ұшқышы Марокко әуе кеңістігінде жедел қонуға рұқсат сұрады.


Бұл туралы Түрік әуе жолдары Баспасөз хатшылығы мәлім етті. Стамбулдан Бразилияның Сан-Паулу қаласына бара жатқан 229 жолаушысы бар түрік ұшағы Марокко әуе кеңістігінде сигнал берді.


Жақын жердегі Касабланкаға бағытталған ұшақ аман-есен қонды.


Ұшақта тінту жүргізіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар