Түркия Йемендегі операцияны қолдайды

Коалиция күштері Йемендегі хусилерге қарсы операция бастады.

282383
Түркия Йемендегі операцияны қолдайды

Түркия Йеменде Хусилерге қарсы Сауд Арабиясы басшылығында басталған әскери операцияға қолдауын жариялады.


Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында операцияның Йеменде заңды билікке үлес қосатыны айтылып, «Йеменде барлық келісімдермен қоса 2201 нөмірлі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шешіміне де қарсы шығып, Санадан және үкімет органдарынан кетпей отырған Хуси сарбаздарының заңды президент Хади паналаған Аден қаласын басып алу үшін операция бастатуын айыптаймыз» деп айтылды.


Хабарламада «Сайлаумен билікке келген заңды президент Хадинің талабына орай Шығанақ елдері кеңесіне мүше елдер бастаған аймақ елдерінен тұратын бір коалиция күшінің әскери операциясына қолдау береміз» деп айтылды.


Сыртқы істер министрлігі Хуси қозғалысы мен оларды қолдап отырғандардың Йеменде және аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндірген істерінен бас тартуға шақырды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар