"Гөкбел" атындағы түрік сауда кемесі Италияда суға батып кетті

Түркияның Милан бас консулы апатпен байланысты мәлімдеме жасады.

163392
"Гөкбел" атындағы түрік сауда кемесі Италияда суға батып кетті

Адриат теңізінде түркиялық бір сауда кемесі Белиз тулы бір кемемен соқтығысып суға кетті.
Италияның Равенна порты маңында суға батып кеткен кемедегі 2 теңізші қаза тапты.
Түркияның Милан бас консулы Айлин Секизкөк "Гөкбел" атындағы сауда кемесіндегі екі теңізшінің қаза тапқанын, төрт экипаждың жоғалғанын және бес экипаждың да ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.

Кемедегі 11 экипаждың да түрік екені білдірілді. Түрік жүк кемесінің порттан шығып жатқанда екінші бір сауда кемесінің оған соқтығысумен суға батып кеткені мәлімденді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар