Түркия Израильді қатаң түрде айыптады

Падестиналық министр Зияд Әбу Айн кеше Рамаллахтағы шеруде қаза тапқан болатын.

144475
Түркия Израильді қатаң түрде айыптады

Түркия палестиналық министрдің өлтірілуін қатаң түрде айыптады.

Сыртқы істер министрлігі Палестинаның Тұтқындар жөніндегі бұрынғы министрі, Еврей қоныстары бойынша комитеттің басшысы Зияд Әбу Айнның Батыс Шерияда Израиль әскерлерінің шабуылдары нәтижесінде өлтірілуін қатаң түрде айыптады.
Жасалған жазбаша мәлімдемеде «Израиль әскерлерінің жәбірлеуі нәтижесінде жасалғаны білдірілген оқиға себепті Израильді қатаң түрде айыптаймыз және оқиғаның бейтарап және ауқымды түрде тергеліп, жауапкерлердің әділет алдына шығарылуын күтеміз» делінді.
Мәлімдемеде оқиғалардың Израильдің Палестина жерінде жалғасқан басқыншылықтың бір нәтижесі екеніне назар аударылып, Палестина халқының негізгі хақ пен еркіндіктерінің ауыр түрде тапталғаны еске салынды.
Мәлімдемеде палестиналықтардың ұзақ жылдан бері өз жұртында әртүрлі азаптарға ұшырап, жерсіз, мемлекетсіз қалдырылғаны атап көрсетілді.
Мәлімдемеде «Израильдің Палестина жерінде жауыздықпен жүзеге асырған қимыл-әрекеттерінің дереу тоқтату керектігі де білдірілді. Екі мемлекетті бейбітшілік ұстанымы аясында басқыншылық тез арада жойылып, палестиналық бауырларымыздың қауіпсіз, сенімді және еркін өмір сүруін тілейміз» делінді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар